Неге консорциум осы жобаны іске асыруды қалайды?

Консорциумның бұл жобаға қатысу себебі Орталық Азиядағы әріптес елдердің интеграция саласындағы, атап айтқанда мүгедек жандарға қатысты ерекше қажеттіліктер мен мәселелерді мойындайды. Бұл өтінімді бергенге дейін Еуропалық одақ серіктестері ақпараттық сауалнамаға шолу арқылы SWOT талдауымен тексеріп, университеттегі серіктестермен кездесулер өткізді.

Консорциумды құрудың негіздемесі

Консорциумның ұжымдық тәжірибесі ерекше мұқтаждығы бар тұлғалардың құқықтарын нығайту аясында Болон үрдісіне және мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес қоғам ішінде түсіну мен мойындауды дағдыландырып, білім алуға, күнделікті қоғам өміріне қатысуға және кемсітушілікпен күресуге қол жеткізу үшін құрылды. Бұл институционалдық білім беруге, сондай-ақ барлық тараптардың әрекет топтарына тұрақты қолжетімділікке мүмкіндік береді.

DECIDE жобасы әлеуметтік интеграциядағы жаңа тақырыпты ұсынады. Бұл ерекше мұқтаждығы бар жандарға білім беру мен мемлекеттік саясаттың мақсаты мен басымдығын анықтайтын ұлттық заңдар мен мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес еуропалық талаптар мен заңнамаларға және халықаралық ұсыныстарға сәйкес ғаламдық қажеттіліктер мен халықаралық саясатқа сай талап етіледі.

Жобаның мақсаты мен міндеті

Жобаның нақты мақсаты ЖОО-ғы жаттықтырушылар мен оқытушыларға, дәріскерлерге, мемлекет қызметкерлері мен саясаткерлерге, дербес компьютермен жұмыс жасайтын мемлекеттік емес ұйымдар үшін кешенді үш деңгейлі тұрақты оқыту бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бұл өз кезегінде ерекше мұқтаждығы бар тұлғалардың білім алуына, қоғамдық өмірге қатысуға кемсітушілікпен күресуге құқықтарды іске асыруға септігін тигізеді.

Жоспар университеттегі оқу жоспарына енгізілген ECTS модульдері бар (баспа, сценарйи түрінде, жобаның веб сайтындағы онлайн режимде) оқу бағдарламасын құрастырудан, жалпы қоғамға барынша әсер беруді қамтамасыз ету үшін түрлі тиісті мемлекеттік ұйымдардағы және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлерін оқытудан тұрады.

Бюджет және экономикалық тиімділік

Брашов Трансильвания университеті “DECIDE” жобасы үшін сенімді қаржылық басқаруды қамтамасыз етеді және жобаның координаторы мен уәкілетті қызметкерінің міндеттерін атқарады.

Бір мезгілде ауқымды бюджеті бар бірнеше мекемелерде басқа жобаларды іске асырудағы үлкен тәжірибесінің, Tempus тәжірибесі мен мүгедектік және қолжетімді мәселе саласындағы халықаралық беделінің арқысында Брашов Трансильвания университеті жобаға басшылық ете отырып, оның мақсатын іске асыруға және ұтып алынған гранттан барынша пайда әкелуге кепілдік бере отырып жобаны қамтамасыз етеді.

Сапаны бақылау және мониторинг

Сапаны бақылау және мониторинг жасау үрдісі Еропалық одақ серіктестерінен және компьютер саласындағы координатор-серіктестерінен құралған жобаның бақылау кеңесі арқылы кепілдендіреді.

Жобадан күтілетін нәтиже

DECIDE аймақтық интеграция мен әлемдегі әртүрлі өңірлердің бірлескен бастамалары арқылы ынтымақтастық жолдармен дербес компьютер саласындағы БҰҰ-ның критериясына және Болон үрдісіне сәйкес ерекше мұқтаждығы бар жандардың инклюзивті білім алуына, әлеуметтендіруге және кемсітпейтіндей қарауға қол жеткізуді дамытады және қолдайды, озық тәжірибемен алмасу және ынтымақтастықты, сондай-ақ ЖОО-да жаңа және инновациялық оқу бағдарламаларын құрастыру жолымен құзыреттілік пен дағды деңгейін жоғарылату күтіледі.

Жобадан кейін біз модульдер мен семинарлардың үкімет департаменттерінің, үкіметтік емес ұйымдардың директорлары мен университет ректорларының қол қою рәсімінде ресми түрде бекітілгенін көреміз, сонымен қатар университеттердің оқу жоспарларына және үкіметтік, үкіметтік емес оқу бағдарламаларына модульдерін ресми түрде енгізу.

Тұрақтылық

Жоба қоғамды әлеуметтік дамыту бойынша дербес компьютер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірін орындайды.



Модульдер


  1. Ағылшын тілі арнайы мақсаттар үшін
  2. Маркетинг – теория мен практикаға кіріспе
  3. Кітапхананы пайдалану
  4. Байланыс жөніндегі офицердің жұмысы
  5. Қажеттіліктерді қанағаттандыру – Тану және оқыту
  6. Қажеттіліктерді қанағаттандыру – Коммуникация және өзара іс-қимыл
  7. Қажеттіліктерді қанағаттандыру – Физикалық және сенсорлық қажеттіліктер
  8. Қажеттіліктерді қанағаттандыру – Әлеуметтік, эмоционалдық және мінез-құлық қиындықтары

DECIDE жобасының «Кіріспе» және «Жетілдірілген» оқу бағдарламаларының сегіз модулін енгізу өңірлік интеграцияға және Орталық Азия елдерінің әртүрлі аймақтарының ынтымақтастығына ықпал етеді. Бұған жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын жасау арқылы университеттерде және қоғамда құзыреттілік деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында бірлескен бастамалар, озық тәжірибелермен алмасу және ынтымақтастық арқылы қол жеткізіледі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жобалық жұмыс тобы аймақтық серіктестермен бірге жобаның 2 және 4 модулін жасаушылардың бірі болып табылады.