ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылдың 9 қазанында Ұлттық хабардарлық күні (ҰХК) аясында, ЕО ЭРАСМУС+598661 «DECIDE» (Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған қызметтерді дамыту) жобасын іске асыруға сәйкес, Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласында «Қазақстанда инклюзияны дамыту: теория және практика» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

 

Онлайн конференцияның тақырыбы қазіргі таңда заманауи және өзекті мәселе болып табылады, өйткені бүкіл әлемде мүмкіндігі шектеулі миллиардқа жуық адам күн сайын қоғам өмірінің маңызды аспектілерімен байланысу барысында көптеген кедергілерге тап болуда.

 

Онлайн конференцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдайлар жасау арқылы өмір сүрудің әртүрлілігі мен әлеуметтік-мәдени шаралардың көптүрлілігі туралы хабардарлықты арттыру.

 

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары инклюзияның түрлі аспектілерін қозғайтын болады: білім беру, әлеуметтік бейімделу, кәсіпкерлік және табыс пен жеңістің шабытты тарихы.

 

Онлайн конференцияның панельдік сессиясына министрліктердің, жоғары оқу орындарының, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, білім алушылар мен еріктілер  қатысып, инклюзия және мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі бекітуінің шарты ретінде тұлғалық сапаларын  қалыптастыру мәселелерін талқылайтын болады.

 

Өтетін күні: 9 қазан 2020 жыл

Өтетін уақыты: 09:00-18:00

 

Ұйымдастырушы: С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ,  Нұр-Сұлтан, Қазақстан; әл-Фараби атындағы ҚҰУ, Алматы, Қазақстан; А. Байтурсынов атындағы ҚРУ, Қостанай, Қазақстан; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *