ERASMUS + CBHE « Шектеулі мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін қызмет көрсету түрлерін дамыту [DECIDE]» жобасы бойынша бастамашылық отырыс

2019 жылдың 11-12 ақпанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның кітапханада Еуропалық аймақ және Орталық Азия елдерінің серіктестері қатысуымен ERASMUS + CBHE « Шектеулі мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін қызмет көрсету түрлерін дамыту [DECIDE]» жобасы бойынша бастамашылық отырысы өтті. « Шектеулі мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін қызмет көрсету түрлерін дамыту [DECIDE]» жобаның мақсаты: Болон процесінің критерийлеріне және БҰҰ-ның мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы конвенциясына сәйкес ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдарға инклюзивті білім беру, әлеуметтік интеграцияға және кемсітушілікке жол бермеуге қол жеткізуді қолдау және дамыту.

Кездесуді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев ашты. Ол жобаның іске қосу жиналысына қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім беру және тұтастай қоғамның дамуы үшін осындай маңызды жобаны сәтті жүзеге асыруды тіледі. Содан кейін Қазақстандағы Эрасмус + Ұлттық кеңсесінің өкілдері Нелли Асматуллаева мен Гүлмира Құттыбаева құттықтау сөз сөйледі. Сөз соңында олар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Еуропалық Одақтың жобаларына белсенді қатысып, университеттің бірінші проректоры, профессор М.Бүркітбаевке алғыс білдірді. Erasmus + Ұлттық кеңсесінің атынан профессор Буркитбаев елдегі жоғары білім реформасына және Erasmus + бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Мәжіліс жұмысында ERASMUS+ CBHE «Шектеулі мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін қызмет көрсету түрлерін дамыту» жобасының өкілдері атап айтқанда Трансильвании (Румыния) университеті,Миддлсекс (біріккен әмірліктер) университеті, Лимерик технологиялық институты (Ирландия), Дрездена технологиялық университеті (Германия), Крита университеті (Греция), және Орталық Азия мен жобюаның Қазақстандық серіктестері қатысты. Жобада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина негіздері мен дене шынықтыру және спорт кафедралары қатысты. Жобаның үйлестірушісі эпидемиология, биостатистика және дəлелді медицина кафедрасының доценттің м.а., м.ғ.к. Усатаева Г.М.

Іске қосу кездесуі іскерлік және достық жағдайда өтті. Жұмысты аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының қызметкерлері кездесуге қатысушыларға экскурсия өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *